«Қоғамның рухани жаңғыруы контекстіндегі қазақтың музыкалық тілі – ұлттың мәдени коды» ғылыми жобасы аясында жоба мүшесі, Қ. Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінің докторанты Рүстем Нүркенов «Орындаушылық өнер тарихы» тақырыбындағы ашық сабаққа қатысты.
Ашық сабақ Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында өтіп, Домбыра кафедрасының 2-курс білім алушыларына арналды. Сабақты профессор Т. Тоқжанов жүргізді.
Сабақ барысында қазақтың дәстүрлі орындаушылық өнерінің тарихы мен күйшілік дәстүр мәселелері қарастырылды. Рүстем Нүркенов тақырып аясында өз зерттеулерімен бөлісіп, күй өнерінің тарихи дамуы мен дәстүр сабақтастығына қатысты пікір білдірді.

