Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінде домбыра кафедрасының оқытушысы, философия докторы (PhD) Айтолқын Тоқтағанның «Дина Нұрпейісова күйлерінің рухани әлемі» атты монографиясы таныстырылды. Алқалы жиынға күйші-зерттеушілер, зиялы қауым өкілдері қатысты.
Монография AP26100607 «Қоғамның рухани жаңғыруы контекстіндегі қазақтың музыкалық тілі – ұлттың мәдени коды» атты жоба аясындағы гранттық қаржыландыру бойынша орындалды




