«Қоғамның рухани жаңғыруы контекстіндегі қазақтың музыкалық тілі – ұлттың мәдени коды» ғылыми жобасы аясында жоба мүшелері Ақмарал Байқуатова мен Раушан Нұртазаның «Қазақ музыкалық дәстүріндегі этнотерапия: дыбыстық орта және ішкі үйлесімділік» атты ғылыми мақаласы жарық көрді.
Мақала Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы шығаратын Saryn халықаралық рецензияланатын журналының 2025 жылғы №3 санында жарияланды. Мақала журналдың 13-томында жарық көрген.
Зерттеуде қазақтың дәстүрлі музыкасының сауықтыру әлеуеті, дыбыс пен тембрдің эмоциялық және символдық қасиеттері қарастырылған. Авторлар этнотерапияны қазіргі жағдайға бейімделген дәстүрлі музыкалық тәжірибе ретінде зерттеп, бақылау, сауалнама және сұхбат әдістерін қолданған. Терапиялық дыбыстық ортаны қалыптастыруда домбыра, қылқобыз, нарқобыз және басқа да 30 дәстүрлі музыкалық аспап пайдаланылған.
Зерттеу нәтижелері дәстүрлі музыканың адамның эмоциялық күйіне, ішкі үйлесіміне және мәдени тамырымен байланысына ықпал ету мүмкіндігін көрсетеді. Сонымен бірге мақалада этнотерапияны одан әрі зерттеу үшін ауқымды зерттеулер, физиологиялық көрсеткіштер және қолданыстағы психотерапиялық модельдермен тереңірек ықпалдастыру қажеттігі атап өтіледі.

