«Қоғамның рухани жаңғыруы контекстіндегі қазақтың музыкалық тілі – ұлттың мәдени коды» AP26100607 ғылыми жобасы аясында «Күй анасы – Дина» тақырыбында вебинар өтті. Аталған жоба қазақтың музыкалық тілін ұлттық мәдени код тұрғысынан зерттеуге бағытталған
Вебинарды PhD, домбырашы, Қазақ ұлттық өнер университетінің оқытушысы Айтолқын Тоқтаған жүргізді. Дәріс қазақтың күй өнеріндегі көрнекті тұлға, дәулескер күйші Дина Нұрпейісованың шығармашылығына арналды.
Вебинар барысында Дина Нұрпейісованың күйшілік мұрасы, оның дәстүрлі күй өнеріндегі орны мен орындаушылық ерекшеліктері сөз болды. Сонымен қатар күй өнерін жас ұрпаққа жеткізу, дәстүрлі музыкалық мұраны білім беру үдерісінде таныту мәселелері қарастырылды.
Іс-шараға «Өнер» пәнінің мұғалімдері, қосымша білім беру педагогтері, домбыра, қобыз және басқа да қазақтың ұлттық аспаптары бойынша ұстаздар мен қызығушылық танытқан мамандар қатысты. Вебинар офлайн және Microsoft Teams платформасы арқылы онлайн форматта ұйымдастырылды.

