Қ. Байсейітов атындағы саз колледжінде «Қоғамның рухани жаңғыруы контекстіндегі қазақтың музыкалық тілі – ұлттың мәдени коды» ғылыми жобасы аясында жоба мүшелері, өнертану ғылымдарының кандидаттары, профессорлар Гүлнар Альпеисова мен Галия Ақпарова шеберлік сағатын өткізді.
Кездесуде қазақ музыкалық мәдениетін оқыту, фольклорлық шығармаларды талдау, қазақ музыкасының тарихы, академиялық және этносольфеджио мәселелері қамтылды.
