Home Жариялымдар Музыкалық тілі мен композиция туралы ғылыми мақала жарық көрді

Музыкалық тілі мен композиция туралы ғылыми мақала жарық көрді

0

«Қоғамның рухани жаңғыруы контекстіндегі қазақтың музыкалық тілі – ұлттың мәдени коды» ғылыми жобасы аясында жоба мүшелері Галия Акпарова мен Гульнар Альпеисованың «Особенности музыкального языка и композиции “Трио-Элегия” для скрипки, виолончели и фортепиано Алиби Мамбетова» атты ғылыми мақаласы жарық көрді.

Мақала Өзбекстан мемлекеттік консерваториясының MUSIQA ғылыми-әдістемелік журналының 2026 жылғы №1 (33) санында, 67–73-беттерде жарияланған. статья Акпарова Альпеисова

Зерттеуде қазақстандық композитор Әліби Мәмбетовтің скрипка, виолончель және фортепианоға арналған «Трио-Элегия» шығармасының музыкалық тілі мен композициялық құрылымы талданған. Авторлар шығарманың жанрлық-драматургиялық құрылымына, сонаталық-симфониялық қағидалар мен форманы жеке дара трактовкалаудың сабақтастығына назар аударады. Сонымен қатар ладтық-модальдық ойлау, мажор-минор жүйесінің көмескіленуі, гомофонды-гармониялық және полифониялық даму, домбыралық қосдауыстылық пен монодиялық элементтер қарастырылған

Мақаланы оқу

NO COMMENTS

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

Exit mobile version