«Қоғамның рухани жаңғыруы контекстіндегі қазақтың музыкалық тілі – ұлттың мәдени коды» ғылыми жобасы аясында жоба мүшесі, PhD, күйші Айтолқын Тоқтаған Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығына арналған «Әлқисса, Нұрғиса!» атты танымдық-мәдени кеш өткізді.
Іс-шара №102 жалпы білім беретін орта мектепте ұйымдастырылды. Кездесу барысында Нұрғиса Тілендиевтің өмірі мен шығармашылық мұрасы, қазақ күй өнеріндегі орны және композитордың ұлттық музыкаға қосқан үлесі таныстырылды.
Танымдық кештің негізгі мақсаты – Нұрғиса Тілендиевтің музыкалық мұрасы арқылы жас ұрпақты қазақтың дәстүрлі музыка мәдениетімен таныстыру және ұлттық музыкалық құндылықтарды насихаттау.