Home Іс-шаралар «Орындаушылық өнер тарихы» тақырыбында ашық сабақ өтті

«Орындаушылық өнер тарихы» тақырыбында ашық сабақ өтті

0

«Қоғамның рухани жаңғыруы контекстіндегі қазақтың музыкалық тілі – ұлттың мәдени коды» ғылыми жобасы аясында жоба мүшесі, Қ. Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінің докторанты Рүстем Нүркенов «Орындаушылық өнер тарихы» тақырыбындағы ашық сабаққа қатысты.

Ашық сабақ Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында өтіп, Домбыра кафедрасының 2-курс білім алушыларына арналды. Сабақты профессор Т. Тоқжанов жүргізді.

Сабақ барысында қазақтың дәстүрлі орындаушылық өнерінің тарихы мен күйшілік дәстүр мәселелері қарастырылды. Рүстем Нүркенов тақырып аясында өз зерттеулерімен бөлісіп, күй өнерінің тарихи дамуы мен дәстүр сабақтастығына қатысты пікір білдірді.

NO COMMENTS

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

Exit mobile version