Home Жариялымдар «Александр Курганов және қазақ вокалдық мектебінің қалыптасуы» атты ғылыми мақала жарық көрді

«Александр Курганов және қазақ вокалдық мектебінің қалыптасуы» атты ғылыми мақала жарық көрді

0

«Қоғамның рухани жаңғыруы контекстіндегі қазақтың музыкалық тілі – ұлттың мәдени коды» ғылыми жобасы аясында жоба мүшелері Акерке Бахтиярқызы мен Гүлнар Альпеисованың, сондай-ақ өзбекстандық ғалым Дилором Кароматтың «Александр Курганов және қазақ вокалдық мектебінің қалыптасуы» атты ғылыми мақаласы жарық көрді.

Зерттеу М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының «Керуен» ғылыми журналының 2025 жылғы №3 (88) санында жарияланды.

Мақалада Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының жеке ән салу кафедрасының негізін қалаушылардың бірі Александр Кургановтың педагогикалық қызметі қарастырылып, оның Қазақстандағы академиялық вокал өнері мен вокалдық педагогиканың қалыптасуына қосқан үлесі зерделенген. Зерттеу барысында өмірбаяндық деректер, шәкірттерінің естеліктері, сұхбаттар және мұрағат материалдары пайдаланылған.

Авторлар А. Кургановтың педагогикалық ұстанымдарына, соның ішінде сольфеджиоға, ішкі есту қабілетін дамытуға, студенттің өз бетінше жұмыс істеуіне және орындаушылық мәдениетке қойылатын талаптарына назар аударады. Зерттеу нәтижесінде оның әдістемелік мұрасының қазақ вокалдық мектебінің қалыптасуындағы маңызы айқындалған.

Мақаланы оқу

NO COMMENTS

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

Exit mobile version