Күтілетін нәтижелер:
- рецензияланатын ғылыми басылымдарда нәтижелерді жариялай отырып, қоғамды рухани жаңғырту процесінде қазақ музыкалық тілін ұлттың мәдени коды ретінде ғылыми негіздеу;
- ұлттық мәдениеттің құндылығын, мазмұны мен мәнін жеткізуші ретінде қазақ музыкалық тілінің құрылымдық компоненттерін ғылыми айналымға енгізу: рецензияланатын ғылыми басылымдарда нәтижелерді жариялау;
- қазіргі заманғы мәдениет пен білім берудегі қазақ музыкалық тілін сақтау, тарату және интеграциялау стратегиясын әзірлеу;
- қоғамды рухани жаңғырту контекстінде дәстүрлі музыканы дәріптеу бойынша ұсынымдар;
- қазақ музыкалық тілінің мәртебесін арттыру мақсатында басылымдарды, монографияларды, мақалалар жинақтарын жариялау, аудио және бейне өнімдер шығару, материалдарды әлеуметтік желілер мен арналарда орналастыру;
- білім беру кеңістігінде қазақ музыкалық тілін трансляциялау (оқу құралдары, бағдарламалар, әдістемелік ұсынымдар, оқыту семинарлары, конференциялар, біліктілікті арттыру курстары);
- қоғамның рухани жаңғыруында одан әрі зерттеу үшін база құру.
